Русский English

Экологический мониторинг автотранспортных средств на территории города Нур-Султан

02.07.2022

В городе Нур-Султан по инициативе Управления охраны окружающей среды и природопользования начал работу проект, направленный на снижение загрязнения атмосферного воздуха столицы от передвижных источников выбросов.  https://www.youtube.com/watch?v=TnyJjbtWGV0

Реализация проекта осуществляется через патрулирование магистралей города передвижными экологическими постами-лабораториями, выполняющими измерения содержания загрязняющих веществ в отработанных газах автомобилей.

При замерах, проводимых сотрудниками аккредитованной испытательной лаборатории, используется поверенное оборудование количественного определения концентраций нормируемых загрязняющих веществ, многокомпонентные газоанализаторы и измерители дымности. Проверке на соответствие нормам токсичности подлежат автотранспортные средства, оснащенные бензиновыми и газовыми двигателями внутреннего сгорания и автотранспорт на дизельном топливе.

Нормируемыми компонентами для автомобилей на бензине и газе является СО (монооксид углерода), для дизелей – дымность (коэффициент поглощения светового потока). Содержание этих компонентов не должно превышать значений, установленных действующими стандартами:

- Технический регламент Таможенного Союза ТР ТС 018/2011 «О безопасности колесных транспортных средств»;

- СТ РК 1433-2017 «Транспорт дорожный. Выбросы загрязняющих веществ с отработавшими газами автотранспортных средств в атмосферный воздух. Нормы и методы определения».

Анализ полученных данных по автомобильным выбросам в городе Нур-Султан при проверке передвижных экологических постов будут способствовать принятию управленческих решений, направленных на уменьшение вредного воздействия автотранспорта на атмосферный воздух города.

В целях качественной реализации проекта заключен трехсторонний меморандум между Управлением охраны окружающей среды и природопользования, Департаментом полиции города Нур-Султан и аккредитованной испытательной лабораторией ТОО «ЭКОСЕРВИС-С». Таким образом, работа передвижных экологических постов будет осуществляться совместно.

Превышение норм токсичности, что является административным правонарушением, влечет предупреждение или штраф на физических лиц в размере десяти, на юридических лиц – в размере ста месячных расчетных показателей, а в случае повторного совершения в течение года после наложения административного взыскания, влечет штраф на физических лиц в размере двадцати, на юридических лиц – в размере двухсот месячных расчетных показателей.

2022 жылдың маусым айынан Нұр-Сұлтан қаласында Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастамасымен елорданың атмосфералық ауасының жылжымалы шығарындылар көздерінен ластануын азайтуға бағытталған жоба өз жұмысын бастады.

Жоба автокөліктердің пайдаланылған газдарындағы ластаушы заттардың құрамын өлшеуді орындайтын жылжымалы экологиялық бекет-зертханалармен қала магистральдарын патрульдеу арқылы жүзеге асырылады.

Өлшеу кезінде аккредиттелген сынақ зертханасының қызметкерлері нормаланатын ластаушы заттардың концентрациясын сандық анықтаудың тексерілген жабдығын пайдаланады, бұл көп компонентті газ талдағыштар мен түтіндік өлшегіштер. Уыттылық нормаларына сәйкестігін тексеруге іштен жанатын бензин және газ қозғалтқыштарымен жарақтандырылған автокөлік құралдары және дизель отынындағы автокөлік жатады.

Бензин мен газдағы автокөліктер үшін нормаланған компоненттер – СО (көміртегі тотығы), дизельдер үшін-түтін (жарық ағынының сіңіру коэффициенті) болып табылады. Бұл компоненттердің құрамы қолданыстағы стандарттарда белгіленген мәндерден аспауы керек:

- Кеден одағының КО ТР 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті;

- ҚР СТ 1433-2017 «Жол көлігі. Атмосфералық ауаға автокөлік құралдарының пайдаланылған газдары бар ластаушы заттардың шығарындылары. Анықтау нормалары мен әдістері».

Жылжымалы экологиялық бекеттердің тексеруімен Нұр-Сұлтан қаласындағы автокөлік шығарындылары бойынша алынған деректерді талдау қаланың атмосфералық ауасына аквтокөліктердің зиянды әсерін азайтуға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдауға ықпал ететін болады.

Жобаны сапалы іске асыру мақсатында уәкілетті жергілікті орган - Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті және «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС аккредиттелген сынақ зертханасы арасында үшжақты меморандум жасалды. Осылайша, жылжымалы экологиялық бекеттердің жұмысы бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Уыттылық нормаларының асып кетуі анықталған жағдайда, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде әрекет қайталанып жасалған жағдайда, жеке тұлғаларға-жиырма, заңды тұлғаларға-екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.